Конституциялық реформаның маңызы түсіндірілуде

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Сәлімжан Нақпаев ауданымызға іссапармен келіп, репсубликалық референдумның маңызын түсіндірді.

«Amanat» партиясы аудандық филиалының ғимаратында өткен жиынға облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. – Референдум сөз болғалы бері ел арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен қолға алынуда. Оның мәні мен негізі, себеп-салдары, мемлекет болашағы үшін маңызы түрлі жиындарда айтылып жатыр. Ата Заңның 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгелі отыр. Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президент өкілеттігін күшейту емес, мемлекетті жетілдіру, жаңғырту және нығайту. Саяси жаңғыртусыз ауқымды әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мүмкін емес. Қазіргі конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатыны қуантады. Конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың референдумда дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарға деген берік ұстанымымызды көрсетеді. Мұның бәрі Мемлекет басшысы ерекше назар аударатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Мемлекеттік билікті халыққа жақындату бұл саяси науқанның басты мақсаты – деген Сәлімжан Жұмашұлы референдумның ел өміріндегі мәні туралы кеңінен түсіндірді.

Кездесуге қатысушылар Ата заңның ел дамуындағы рөлі мен констиуциялық реформаның «Жаңа Қазақстанды» құрудағы маңыздылығын талқылап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын білдірді.

k

Сол сияқты тіл мәртебесі, ит ату, шаруагерлердің субидия мәселелері, әйел адамдарды 58 жастан зейнеткерлікке шығару, мемлекеттік сатып алудағы заңдылықтарға, қолданыстағы салық кодексіне бірқатар өзгерістер енгізу жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салып, өңірге қатысты көкейкесті мәселелерді қозғады.

Бұдан кейін халық қалаулысы «Құрманғазы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен жүздесіп, Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында болды.

o

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT