Конституция - еркіндіктің асқақ шыңы

(0 Votes)

Осындай тақырыппен С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы Конституцияның құқықтық-нормативтік актілер ғана емес, елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси қатынастардың дамуына негіз екенін атап өтті.

- Ата Заң-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау негізі, халықтың тұрақтылығы мен бірлігінің іргетасына айналды. Соңғы өзгерістер кезінде Конституция азаматтардың мүмкіндіктер аясын арттырды. Конституциялық құндылықтар еш өзгермейді, — деген Абат Жанғалиев Ұлттық медициналық Ассоциясының «Мамандығына адалдығы үшін» төсбелгісімен аудандық емхананың фтизиатр дәрігері Роза Ажханова, аудандық аурухананың күндізгі стационар терапевт дәрігері Нейля Жаудина, Жыланды дәрігерлік амбулаториясының клиникалық лаборанты Күлян Айтқалиеваны ұлығылады. Одан әрі аудан әкімінің алғыс хатын сот, прокуратура, полиция қызметінде жемісті еңбек етіп жүрген бір топ үздіктерге табыстады.

Марапаттар легін аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева жалғастырып, алғыс хатын түрлі саланың озат қызметкерлеріне ұсынды.

Салтанатты ант қабылдау рәсімін жасау үшін жас мемлекеттік қызметші, Сафон ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Інжу Тюмалиева жасады.

Бұдан кейін жиын соңы С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, жергілікті өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT