Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру жұмысында әр түрлі бағыттағы мәдени шараларды жүргізушілерді іздестіру, оларды көпшілікке танымал ету мақсатында «Конферансье – 2023» облыстық жүргізушілер байқауы өтті.
Байқауға қала, аудандық мәдениет бөлімдерімен оқу орындарынан 7 жұп, 8 дара өнерпаздар қатысып, 3 кезең бойынша сайысқа түсті.
Нәтижесінде Құрманғазы ауданынан жолдама алған Мақаш ауылдық округі Шабыт ауылдық мәдениет үйінен Қуаныш Толыбекұлы жеке қатысып, сонымен қатар Нұржау ауылдық округінен Диана Ильясова мен Еңбекші ауылдық округінен Ернар Қабиев жұп болып қатысып, Алғыс хатқа ие болды.
Алдағы күндеріңізге сәттілік, тек жеңіс тілейміз.Алар асуларыңыз көп болсын!
Шабыт ауылдық мәдениет үйі