Компанияның құрманғазылықтарға көмегі

(0 Votes)

Ашық аспан астында мамыражай тірлік кешкен халықты әлемде болып жатқан қазіргі атауы жаман індет дүрбелеңге салып, біраз даурықтырғаны рас.

Бұл жағдай соңғы кезде қасиетінен қасіретті көп көрген табиғат үшін оң нәтиже бергенмен, халық үшін дағдарысқа соқтырғанын көріп отырмыз. Ел басына күн туған кезде қиындықты бірлікпен ғана жеңуге болатынын білетін жеке кәсіпкерлер мен еріктілер қайырымдылық шараларын жүргізуді қолға алып келеді. Бұл біздің әуелден бүтін құртты бөліп жеп, жарты құртты жарып жеген қазақтығымызды көрсеткендей. Аудан көлемінде де бұл бағытта біраз шарапатты істер атқарылды. Көмек алған тұрғындардың жақсылық жасап жарысқан жандарға алғыстан басқа айтары жоқ.

Жақында жас кәсіпкер Дәурен Садыхов пен ерікті Азамат Абдуллаев облыстағы ірі мұнай компанияларымен байланысып, аймақтағы әр ауданның 50 отбасына тегін азық-түлік таратуды ұйымдастырды. Олар «NCOC» компаниясы бөлген азық-түлікті ауданымызға жеткізіп, ауыл-ауылды аралап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 50 отбасыға үлестірді. «Ел еңсесін ер көтерер» демекші, қасиетті Рамазан айында сауапты іске атсалысқан Дәурен мен Азаматтан жастарымыз үлгі алса екен дейміз.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT