Комиссия мүшелері ардагерлердің үйін аралады

(1 Vote)

№165 сайлау учаскесі комиссиясы мүшелері денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын ардагерлердің үйін аралады.

Саналы ғұмырында сайлаудан шет қалып көрмеген "Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы" - Өтеулі Хасанов биыл үйінде дауыс беруге мәжбүр. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған ол бұл күнді әрбір тұрғынға ел болашағын айқындауға берілген мүмкіндік деп санайды. Өз таңдауын жасаған ардагер: «Басымызға бұйырған ең үлкен бақ - Тәуелсіздікті баршамыз бағалай білуіміз керек. Оның тұғырының биік болуын аңсайтын әрбір азамат сайлауға енжар қарамағаны абзал. Мемлекетіміз қарқын­ды өркен­деп жатқан қа­дамы мен саясатынан жа­ңыл­май, одан ары қарай дами берсе деген ойдамын. Жұртымызға амандық, әр отбасына береке-бірлік тілеймін»,-деп ақ батасын берді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521