Колледжде «Жұмыс беруші күні» өтті

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 15 қарашада бір мезгілде Республика бойынша барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» іс-шарасын өткізуді бекіткен болатын. 

Осыған орай, Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде кадрларды даярлау сапасын арттыруда жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Оған ауданға қарасты мекеме басшылары мен жұмыс беруші жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық иелері қатысты.

k

Алдымен колледждің фойесінде студенттерінің мамандықтары бойынша өздері дайындаған бұйымдар көрмесінің таныстырылымы өтті. Бұдан кейін колледждің тыныс-тіршілігінен хабардар болу үшін келген қонақтар әр кабинетті аралады. Оқу шеберханасында жолда жүру ережесі, трактор кабинеттерінде болып, «Дәнекерлеу ісі» мамандығын игеріп жатқан студенттің виртуалды тренажерда дәнекерлеу жұмыстарын орындағанын тамашалады.

Студенттер «Автокөліктерді диагностикалау» кабинетінде диагностикалауды, жөндеу жұмыстарын, балансировка, зарядтау жұмыстарын жасап көрсетті. Одан басқа, тағам, құрылыс, электр жабдықтары кабинеттерінде болып, студенттердің слесарлық шеберханада слесарлық жұмыстарды, дәнекерлеу цехында газ және электрмен аргонмен дәнекерлеуді орындағанын көрді.

z

Кофе-брейктен кейін қатысушылар «Кадрларды даярлау кезінде жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың басым бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстелде бас қосты.

zhmys-beru

Айнагүл Шакупова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT