Колледж ұжымы "Serper " газетіне толықтай жазылды

(0 Votes)

Мерзімді баспасөзге жазылуды зиялы қауым өкілдері жауапты науқан санайды.

Бүгінде әлеуметтік желілер дамып, ақпараттар ағыны қолжетімді болғанымен, газет-журналдардың орыны бөлек. Соның ішінде аудандық «Serper» қоғамдық-саяси газетінің ауданымыздың қоғамдық өмірінде алатын орыны ерекше. Аудан айнасында жарияланғандардың бәрі дерлік ғаламтор беттерінде жарық көре бермейді. Оны тек газеттен ғана оқи аласыз. Жазылу бағасы да қымбат емес.

Біздің ұжым, «Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны қалыптасқан дәстүрден жаңылмай «Serper» қоғамдық-саяси газетіне жазылуда болжамды асыра орындап, 57 данаға жазылып отыр. Осы істе ұйымшылдық танытқан барша әріптестеріме ризашылығымды білдіремін. Бірлескен жұмысымыз берекесін бере берсін!

Болатбек Өтегенов,

«Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521