Колледж түлектеріне диплом табысталды

(0 Votes)

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде «Білікті маман – ел ертеңі» атты түлектерге диплом тапсыру салтанаты ұйымдастырылды. Алдымен «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Фермер шаруашылығы», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Электр жабдықтары» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша білім алған түлектер топ шеберлері және кураторларымен ортаға шақырылды.

Олардың арасында колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, WorldSkills өңірлік чемпионаттарының 8 жүлдегері, 7 үздік диплом иесі бар.

19 түлек мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырып, әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы әскери борыштарын өтеуде. Колледждің директоры Болатбек Өтегенов оқу орнының тарихы мен ондағы білім алушылар мен білікті кадрлардың облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда қол жеткізген табыстарын саралаған көлемді баяндамасын оқып, түлектерге диплом табыстады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрманғазы аудандық филиалының директоры Нұрдәулет Дәрелов, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Утеулиев және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Қазиханов қайнаған еңбек алаңына қадам басқалы тұрған түлектерге диплом табыстап, болашағына ақ жол тіледі.

«Мақаш» ӨК өндіріс менеджері Оңдасын Мусин «Фермер шаруашылығы» мамандығын игерген Әділхан Жолтұрғановқа, «Аманғалиев» ЖК басшысы Талғат Аманғалиев «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығын бітірген Аманат Сабыржановқа, «Махмудова Б» ЖК меңгерушісі Назгүл Бисенғалиева «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығын алған Назерке Қылышбекқызына еңбек кітапшасын ұсынды.

Ата-аналар атынан Сүйіндік Сиражұлы, түлектер атынан Аружан Қонысбаева құттықтау сөз сөйлеп, колледж басшылығына, ұстаздар қауымына ақжарма лебіздерін арнады. Шара барысында колледждің белсенді студенттері өнерлерін ортаға салып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT