Коледжде өткен "Наурыз-думан"

(0 Votes)

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен қызметкерлердің балаларына арналған "Қош келдің Әз наурыз" атты ертеңгілік өтті.

Ертеңгілікті "Тойбастар" әнімен өндірістік оқыту шебері Қисметоллаев Келдібек ашып, колледж директоры Утегенов Болатбек Тағанхожаұлы наурыз мейрамымен барша қызметкерлермен бүлдіршіндерді құттықтады.

Наурыз тойына Наурыз қыз, Алдар көсе, Қыдыр ата кейіпкерлері келіп бүлдіршіндерге түрлі ойындар ұйымдастырып, өнерлерін тамашалап, тәттілер таратты.

Колледж студенттері ән шырқап, балаларға жақсы көңіл күй сыйлады. Шара соңында балаларға түрлі ойыншықтар сыйлыққа берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521