Qurmangazy League 2024 II Лига. Қола жүлде Нұржау командасында
Көптеген қиындықтарға қарамастан командамыз жүлделі орынға қол жеткізді. Барша қолдау көрсеткен бауырларға, достарымызға, сонымен қатар команда жетекшісі Нұртілек Батуов пен бапкері Серік Михайловқа, ауылдағы жанкүйерлерге ерекше алғыс білдіреміз. Маусым қорытындысы бойынша аталған лиганың IX турдың үздік ойыншысы Жәнібеков Саясатты, ал турнирдың «Үздік қақпашысы» атанған Нұрлыбек Фазыловты марапатымен құттықтаймыз. Алар асуың, бағындырар белестерің көп болсын бауырым. Бұл маусым команда үшін үлкен тәжірбие болды.
Осы лиганы ұйымдастырған жігіттерге бек ризашылдығымызды білдіреміз. Келесі маусымда кездескенше. Жеңісте де жеңілісте де біргеміз!