Көрме кәсіпкерлерге не береді?

(0 Votes)

Қандайма болмасын қолға алынған іс-шаралардың, стратегиялық маңызы бар жоспарлардың артында елге пайдасы тиетін, оның экономикасын, мәдениетін, руханияты мен әдебиетін алға сүйрейтін қозғаушы күшіне айналуы қажет.

Қазіргі таңда барлық салаларда мемлекет тарапынан әр түрлі бағдарламалар мен жобалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Олардың ішінде нәтижесін бергені де, сәттсіз шыққан жобаларда кездесуде. Қазіргідей нарықтық қоғамда мемлекеттің қалыпты дамуы, сол елдің ұстанған саясатына байланысты. Оның ішінде экономиканың дұрыс жолға қойылуы. Осы тұрғыда эконмиканы негізі құраушы күші ол шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

Мемлекет бұл тұрғыда бірқатар маңызды құжаттар қабылдап, іс-шараларды жүргізуде. Президент Қ.Тоқаев бүгінгідей геосаяси жағдай шиеленсіп, тұрақсыздық белең алған тұста, елдің эконмикасын әр тараптандыру қажет екендігін, мемлекет өз қажетін өзі өндіру керектігін баса айтты. Осы ұстанымның аясында Атамекен ұлттық палатасы жаңа жобаларды қолға алып келеді. Оның бірі жыл сайын өткізіліп жүрген "Қазақстанның үздік тауары" жобасы болса, екіншісі биыл бастау алған "Бір ауыл-бір өнім" жобасы.

Соңғы жобаға кеңірек тоқталсақ. Бұл жобының шығуын ұлттық палатаның өкілі Асқар Аубакировтың сөзінше осыдан оншақты жыл төңірегінде Жапон елінің кәсіп басындағы азаматтары Қырғызстан еліне келіп, ауыл-ауылды аралап, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Сол сапарда әр ауылдың күн көрісімен, салт-дәстүрлері және өнімдерімен танысады. Алайда, аталған өнімдер күнделікті қажеттілікті өтегенімен, сыртқы қолданысқа шығаруға жарамайтындығы айтпасада түсінікті болады. Креативті жапон елінің өкілдері жергілікті шикізаттан жасалып жатырған бұйымдары мен өнімдерін экспортқа шығаруға не жасау керектігін білетін. Сонымен, күнбатыс елінен келген азаматтар әр ауылдың қолынан іс келетін азаматтарын жинап, өздерінің ұсынысын жеткізген.

Тауардың экспортқа шығарудың жүйесін тарқатып айтсақ. Біріншіден күнделікті жасалып жатырған тұрмысқа қажетті бұйымдарының жұмыс орындарын жасақтап берген. Мысалы, сарайын әктеп, сырлап, қажетті құрал-жабдықтарын қойдырып, киетін киімдерін (спецовка, ақ халат т.б.) тіктіріп, жұмыс орнына киетін сүйретпеге дейін қойғызған.Бұлардың айтуынша адам жұмыс орнына келгенін сезіну үшін, өзіне қажетті күш-жігер (мотивация) алуға қажет деп есептеген.

Сонымен қатар, жасайтын дүниелерінің сапасын жоғарлатуды талап еткен. Өйткені, жапондықтар сапаға мән беретін ел. Сөйтіп әр ауылда өзіне тән айналысатын кәсіптеріне байланысты адамдарды бір жерге шоғырландырып, жұмыс режимін қалыптастарған. Жұмыстың уақыты да ыңғайлы. Жұмаға екі, үш күн келіп, 2 сағаттан жұмыс жасау керек. Жасаған жүмыстарына байланысты табыстарын алып отырады.

Алайда, бұрынғы өнімдеріне қарағанда, қазіргі жасалып жатырған дүниелерінің айырмашылығы жер мен көктей болған.

Себебі, біріншіден сапасы артқан, екіншіден жасалаған тауарды талапқа сай қаптатып, маркировка жапсыртқызған. Ол үшін оларға практикалық және теориялық сабақтар жүргізіп, өз елінің технолог мамандары үйреткен. Содан әрі келіскен бағаға өздері сатып алып, Алибаба, Алиэкспресс сияқты өз елінің алпауыт компаниясымен келісім-шартқа отырып, тауарларына өздерінің белгілі пайыздарын қосып, өткізіп отырған. Осы схема бойынша жұмысты жолға қойған кезде, Қырғыз елінің ауылдарында қосымша жұмыс орындары ашылып, жергілікті жердің тұрмыс деңгейі өсіп отырған.

Алайда, осындай жүйені ұйымдастырушы Қырғыз елінде кәсіпкерлік ұйымдар болмаған. Сондықтан Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлердегі өкілдіктері "Бір ауыл-бір өнім" жобасын өздері жүзеге асыруда. Бірінші сатысы әр ауданның қолынан іс келетін адамдарының жасап жатырған өнімдерін қарап, әлеуетін байқау. Содан үздік шыққандарын республикалық байқауға жіберу. Солай республикалық байқаудан озық шыққан ауыл өнімдерін экспортқа шығарады.

Осы мақсатта 10 маусым 2023 жылы Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен жоғарыда аты аталған жобалардың көрмесі Атырау қаласының "Infinity Eco Park" алаңында өтті. Аталған шараға облыстың 7 ауданы мен Атырау қаласының кәсіпкерлері қатысып, өз өнімдерін ұсынды.

Көрме-жәрмеңкеге тұрғындар мен қала қонақтары қатысып, отандық өнімді қолдауға көптеп жиналды. Құрманғазы ауданынан "Қазақстанның үздік тауары" жобасына Махмудова Бахтылы (нан және кондитерлік өнімдер), Ғұмаров Қуаныш (сыртқа арналған құрылыс өнімдері), Даулетбаева Гүлшат (тоқыма бұйымдары) қатысса. "Бір ауыл-бір өнім" жобасына Рыскалиева Ғалия (киіз басу, текемет тоқу, элюстрациялық картина жасау), Жұмағалиев Талғат (ағаштан жасалған бұйымдар), Кумаров Бауыржан (ағаштан және шыныдан жасалған бұйымдар, ағашқа, шыныға ойып жазылған түрлі тұрмыстық заттар) қатысты. Барлық қатысушылар Алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Шараның ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары М.Мурзиев шараның маңыздылына тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара соңында үздіктер анықталып, республикалық конкурсқа жолдама алды. Біз де өз тарапымыздан ауданның абройын түсірмей, жоғары деңгейден көрінген барлық қатысушыларға ризашылығымды білдіреміз. Қолға алған кәсіптері алға басып, абройларының арта беруін тіледік.

Сөзімді қорыта келе біз бұл жобадан не түйдік. Менің ойымша әр жердің өзінің ерекшелігі бар. Соның ішінде біздің ауданның географиялық орналасуы, жер бедері, әлеуеті басқа аудандарға қарағанда әлдеқайда мүмкіншілігі мол. Қазіргі уақытта көпшілігіміз бір нәрсені жасаудан көрі, көршілес Ресей елінің Астрахань және басқа қалаларының дайын өнімдерін алып, үстіне өзіңнің пайдаңды қосып сатқан тиімді. Алайда, бұл жергілікті халықтың тұрмысын төмендетпесе, көтермейді.

Адам өзінің ішкі ерік-жігерін қолға алып, алдына қойған мақсатын айқындаса, ол жолда кездесетін қиындықтар мен кедергілерге төзімділік танытса, қолға алған кәсібін жан-жақты меңгерсе, тәуекелдерді бағалай білсе, яғни айтқанда мүмкіндігін толық пайдаланса алынбайтын қамал жоқ.

Сондықтан басқа елдің қазынасына ақша құйып, байытқанша, болмаса жеке бір адамның қалтасын қампайытқанша, өз еліңде жаңа кәсіптерді құрып, қосымша жұмыс орындарын ашып, жаңа отандық өнімдерді шығарып, ол елдің игілігіне жарап жатса, онда бұл адамның қоғамға тигізген пайдасы зор, әрі адал еңбегінің жемісін көретіні даусыз.

Жалпы шараға қатысқан кәсіпкерлердің 20, 30 пайызы осындай ой түйіп кетсе, бұл шараның мақсатына жеткені деп білемін.

Нұрдәулет Дарелов, Атырау кәсіпкерлер палатасының Құрманғазы аудандық филиалының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT