Көрісу – қуанышпен бөлісу

(0 Votes)

Көктеммен бірге Жер-ана бусанып, қазақ даласына Жаңа жыл келе жатыр. Оны 22 наурызда күтіп аламыз. Ал, Наурыздың алғашқы жаршысы, береке бастауы іспеттес Көрісу дәстүрінің маңызы ерекше.

Аталмыш күнге орай, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі алаңында театрландырылған мерекелік шара ұйымдастырылды. Ақшаңқан киіз үй тігіліп, келушілерге ақ мол болсын деген ниетпен Наурыз көже ұсынылды.

Аудан өнерпаздары ұлттық салт-дәстүрімізден көріністер қойып, домбырамен ән айтып, биші қыздар мың бұрала биледі.

Қытымыр қыстан аман-есен шығып, бір-бірімен қауышқан жандар қол алысып, төс қағыстырды. Одан әрі ұлттық киімде киініп, бір-біріне ақ тілегін арнап, мәре-сәре болған жұртшылық аудан өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады.

Аудан әкімі Марат Мурзиев Көрісу мейрамының қадір-қасиетіне тоқталды. Қазыналы қариялар ақ батасын беріп, елдің, жердің тыныштығын тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика