Көңілге қонымды қойылым

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде және Ақкөл ауылдық мәдениет үйінде Ақкөл ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Самғау» драма ұжымы Мәдина Отарованың «Абай Мінәжат» мистикалық драмасын қойды.

Драмада ұлы Абайдың мәңгілік мекенге барғандағы ой-толғаныстары, тұжырымдары жан-жақты көрсетілген. Халқының қамын ойлап, жоғын жоқтаған Абай хәкімнің жүрегінен жарып шыққан нақылдар елінің келешекке талпынысын көрсетуге бағытталған. Абай бейнесін сомдаған Берік Жұмағазиев әртістік шеберлігімен ерекшеленіп, көрермендер қошеметіне бөленді.

Періштелер Әңкүр мен Мәңкүр рөлдерін ойнаған Рүстем Қалимоллаев пен Жаннат Сидеғалиева да жақсы әсер қалдырды. Әбдірахман, Құнанбай, Зере, Ұлжан, Тоғжан рөлдеріндегі Нұрлан Төлегенов, Қадіржан Хасанов, Гүлбаршын Ізімбаева, Венера Тайбекова, Сәния Шахимоваларды да көңілден шықты деп айтуға болады.

Жалпы алғанда, бұл өнер ұжымын «халық театры» атағына лайық деп есептеуге толық негіз бар. Шығармашылық ұжымға тың табыстар тілейміз.

А.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT