«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді.
Құжаттар тізбесі:
– Баланың (балалардың) заңды өкілінің біреуінің кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік етуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
– «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
– «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жұбайының (зайыбының) нотариус куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не баланың (балалардың) жеке тұратын заңды өкілінің келісімі (ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі, қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б. (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда);
– Заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (нотариустен) (заң бойынша мұрагерлікке құқық алған жағдайда);
– Мүліктің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тиісті ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
– Осы бұйрықпен бекітілген отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес бала (балалар) (он жасқа толған жағдайда) пікірінің электрондық көшірмесі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 3 (үш) жұмыс күнін құрайды. Қосымша ақпаратты Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің 8(71233) 2-11-39 телефонына хабарласып алуға болады.
Р.Кумарова,
Құрманғазы аудандық білім бөлімінің бас маманы