КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

(0 Votes)
Аудан әкімінің орынбасары Амангелды Муратовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның желтоқсан айындағы қорытынды отырысы өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, Аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ұйымдардың атқарған жұмыстары туралы- Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшыс Мерей Ажигереевтің және Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның атқарған жұмыстары, аталған комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы аудан әкімінің бас инспекторы, комиссия хатшысы Мейірхан Жігерұлының баяндамалары тыңдалды.
 
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
 
Жиын соңында комиссия төрағасы Амангелды Хайдарұлы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі және олардың құқықтарының қорғалуы бағытындағы жұмыстарды алдағы жылда да жандандыруды тапсырды.
 
Сондайақ, комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітуге ұсынылды.
 
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT