Клуб жетекшісі тағайындалды

(0 Votes)
Аналар кеңесі

Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапханада аудандық аналар кеңесінің отырысы өтті.

Оған спикер ретінде қатысқан аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы, «Жансая» көшбасшы аналар клубының мүшесі Айгүл Сейтжанова «Әлеуметтік төлемдер туралы» хабарлама жасап, қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Одан әрі «Жансая» көшбасшы аналар клубының жетекшісі Зәмзагүл Карсакова мемлекеттік гранттарды алу жолдарын түсіндіріп, қыз-келіншектерге жаңадан кәсіп бастау үшін не істеу қажеттіггі жөнінде кеңес берді. Жаңадан ашылатын «Ұлағат» аналар мен балалардың кітап клубының мақсат-міндеті, жұмыс жүйесі талқыланды. Клуб жетекшісі болып білім саласының ардагері Майра Амирова тағайындалды.

Соңында аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова лед экран арқылы кеңестің жылдық жоспарымен таныстырып, кеңес мүшелері, округтердің аналар кеңестерінің төрайымдары, клуб жетекшілеріне «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын іске асыруға байланысты жүйелі жұмыстар міндеттелді.

analar-keesi1

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521