Классик жазушының шығармасы насихатталды

(0 Votes)

Бүгін  жерлесіміз, Халықаралық Ш.Айтматов атындағы академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаевтың туған күні.

Осыған орай туған жердің тарланын еске алу, оның шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Айна ғұмыр» атты проза оқудан  жастар арасында аудандық байқауы өткізілді.

dc41d46b-b1ee-47ad-8a6c-6e01ab467dc3

Байқауға төрелік еткен қазылар алқасы құрамында Ғапуова Айжанар Нұрлыбекқызы (С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы Д.Ғұмаров атындағы халық театрының режиссері, облыстық көркемсөз байқауларының жеңімпазы, қазылар алқасының төрайымы), Хамзина Гүлден Айдарбекқызы (аудандық орталықтандырылған кітапхана директорының орынбасары, қазылар алқасының мүшесі),Ермұратова Гүлбақыт Ермұратқызы (С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері, қазылар  алқасының мүшесі) болды.

de8f0e16-68d7-4861-80ff-1f2e80c6c23e

Байқау қорытындысы бойынша  жүлделі ІІІ орын- Гаухар Бекбауова (Құрманғазы а/о), Нәсіп Әйпенова (Ақкөл а/о), Ботагөз Абат (Еңбекші а/о), ІІ орын- Фарида Мусаева (Мақаш а/о), Мақсат Қайырбековке (Абай ЖОМ) бұйырды.Байқауда оза шауып жоғары деңгейді өнер көрсеткен Нұржау ауылдық округінен Диана Ильясова жүлделі І орынды қанжығасына байлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521