Құқықтық мәдениетті көтеру – уақыт талабы

(0 Votes)

Облыстық Ішкі саясат басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Әлеуметтік бағдарламалардың орталығы» қоғамдық қоры азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын заңды мүдделерін қорғау бойынша «Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу» тақырыбында заңгер мамандармен кеңес өткізілді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен басқосуға мектеп директорларының орынбасарлары, психологтар, ауылдық мәдениет үйінің директорлары, түрлі мекеме қызметкерлері қатысты. «Әлеуметтік бағдарламалардың орталығы» қоғамдық қорының заңгерлері Жұмажан Серікұлы, Нұржан Қожахметұлы, Дәулет Қаленұлы тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, тұтынушылар құқықтарын қорғау тетіктері, отбасылық және еңбек даулары және шешу жолдары жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылар да өздерінің жұмыс барысында туындаған мемлекеттік сатып алу мәселесіне қатысты сұрақтарды қойып, толыққанды жауаптарын алды. Дін істер басқармасы ақпараттық талдау орталығының маманы Бейбіт Берікұлы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490, 453 баптары яғни, діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды жерігілікті атқарушы органның рұқсатынсыз таратқаны үшін және интернет ресурстарында діни араздықты қоздыру, экстремизм мен терроризмді насихаттауға бағытталған ақпарат жариялағаны үшін қарастырылатын айыппұлдар жөнінде қаперге берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT