Кітаптың орнын интернет алмастыра ала ма?

(0 Votes)

Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектеп кітапханасында «Интернет кітапты алмастыра ала ма?» пікір талас сайысы өткізілді.

Мақсаты: білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.

Кейінгі кезде «Кітапты қайтесің, барлығы да интернетте тұрған жоқ па? Қазір кітаптың емес, компьютердің заманы» дейтін пікірлер белең алып тұрғаны жасырын емес. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Кітап жастанып, ұйқыға мүлгіген жандар немесе технологиялық мүмкіндіктерге бойұсынғандар көп. Кітапхана меңгерушісі Айнагүл Жангелдіқызы дебаттың мәні мен мақсатын түсіндірді.

Сабақ барысы таныстыру, пікір таласу, сұрақ алмасу, ашық дауыс беру кезеңдерінен құралған.

Сайыс соңында мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжанат Асылбекқызы, ауылдық кітапхана меңгерушісі Балжібек Хамитқызы сөз кезегі берілді. Оқушылар марапатталып, белсенді қатысқандары үшін шағын сый табысталды.

А.Жамалова,

Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT