Кітаптар пайдаланылған инсталляциялық көрме

(0 Votes)

Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді.

Осы орайда, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Үздік инсталляциялық көрме» атты шығармашылық байқауын өткізді. Ардагерлер үйінде өткен көрмеде сала мамандарының кітаптарды пайдалану арқылы ой-қиялына ерік беріп дайындаған дүниелері қойылды.

krme5

k

k


Шараны ашып, жүргізген кітапхана қызметкері Ақмоншақ Төреханқызы 9 жұмыс назарға ұсынылған көрмені өткізудің мақсаты мен маңызына тоқталды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директоры Анар Мусина кіріспе сөз сөйледі. Келесі кезекте көрме жұмысы басталып, кітапханашылар өздері дайындаған дүниелері туралы жалпы түсініктер, пайдаланылған кітаптардың саны жайлы деректер берді. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жақында ғана 150 жылдығы аталып өткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновқа арналған көрмені талқыға ұсынды. Ондағы театр актері Қайрат Сайфуллин сомдаған ақын бейнесі ерекше назар аударады. Сондай-ақ, Ахаң өмірге келген Байтұрсын қыстауының макеті, сол кездері ұлт зиялыларының көбісінің үйінен кездесеті жазу машинкасы, патефон, домбыра, мандолина аспаптар өткен ғасырды көз алдыңа әкелгендей. Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ», «Маса» сияқты газет-жорналдарда жарияланған еңбектері, алғашқы «Әліппемен» қатар, Алаш ардақтылары туралы кітаптар, тарихи суреттер қойылған.

k

Морской және Дыңғызыл ауылдық кітапханалары «Ертегі – ғажайып әлемім», РТС ауылдық кітапханасы «Абай – дана кемеңгер», Шортанбай және Бірлік ауылдық кітапханалары «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік», 300 шақырымдық жолды артқа тастап артынып-тартынып жеткен Балқұдық ауылдық кітапханасы «Тіл – ұлттың ұлы байлығы», Сафон мен Байда ауылдық кітапханалары «Астана – асқақ ордам!» атты көрме дайындап келді. Теңіз және Нұржау ауылдық кітапханасының «Рухани жаңғыру – жарқын болашақ кепілі» атты инсталляциясы ерекше ізденіспен жасалғандығы көрініп тұрды. Болашаққа бағыт түзеген алып кеменің желкендеріне Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы сананы өзгерту бағытындағы көзқарастары берілген. Ал астыңғы жағында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылатын «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөліміндегі жеті құндылық көрініс береді.

k

krme1

Еңбекші ауылдық кітапханасы дайындаған көрме «Өлке қаламгерлері шығармашылығы» аталды. Абыз Әбумен басталып, жауқазын жыр иелері Еркеназ, Ақтілекпен түйінделетін ақын-жазушылардың кітаптары бір шатырдың астына жинақталып берілуінде бір мағына жатқандай. Жұмекен туған Ашақтың соры мен боз даласының макеті, құмаршығы мен сұлыбасы, жусаны мен жуасы, сағызы мен селеуі қасиетті өлкенге көрсетілген құрмет іспетті. Аудандық балалар кітапханасының «Балалар әдебиеті – тәрбиенің қайнар көзі» тақырындағы көрмедегі «Білім құдығы», «Кітап ханшайымы» сияқты басқа да көрнекіліктер бала қиялын ілім-білімге, кітап оқуға жетелейтіндей. Ашылу салтанатының соңында аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова, ақын-журналист Таңатар Дәрелұлы, ардагер ұстаз Балғаным Хасенова тілек сөздерін арнаса, Қошалақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы  Есмұхан Жанизин жерлес қаламгерлерге арнаған жырын оқыды.

krme6

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT