Аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандар қамту бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Нұрғалиева және кітапханашы Әйгерім Жанболатқызы «Білім беруді дамыту және мәдениет «Өрлеу қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» республикалық конкурсына қатысып, бақтарын сынады.
Қорытындысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – халық үшін жасампаздық» номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
Өз тілшіміз