«Кітапхананың негізгі міндеттері мен бағыттары» атты семинар

(0 Votes)

«Кітапхананың негізгі міндеттері мен бағыттары» атты семинар Құрманғазы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 28 қараша күні Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектеп базасында аудандық «Кітапхананың негізгі міндеттері мен бағыттары» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың алғы сөзін Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің директоры С.Капуова семинарға қатысушылардың жұмыстарына сәттілік тілеп, құттықтау лебізін білдірді. Аудандық білім бөлімінің кітапхана ісі әдіскері Қ.Р.Мусаева семинардың бағдарламасын таныстыра отырып, «Библиофуршет» библиографиялық шолу әдісімен кітапхана құжаттарын практикалық жұмыстармен ұштстыра отырып түсіндірді.

Абай атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы А.Т.Ерғалиева «Кітапханалық – библиографиялық үрдістерді автоматтандыру» (КАБИС) бағдарламасының қолдану жолдарын таныстырды. Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Н.Д.Утегенова және М.Қиюазованың жетекшілігімен мектепішілік «Нұршуақ» театрының оқушыларының қатысуымен Ж.Нәжімеденовтың «Ақ шағыл» шығармасынан театрланған көрінісін тарту етті.

З.Серікқалиұлы атындағы мектеп - интернатының кітапханашысы Д.Р.Жандыбаева семинарға қатысушы кітапханашыларды қатыстыра отырып, «әдеби аукцион» әдісімен аукционға шығарылған әдебиеттерді сатып алу ұсынып, аукцион ережесі бойынша ең тапқыр топ жеңіске жетті.

Семинар соңында тиімді кері байланыс әдісі бойынша қатысушы кітапханашылар алған әсерлерімен, өз ойларын, ұсыныс пікірлерін жеткізді.

Нұргүл Сабитова,

Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT