Кітапханадағы «Поэзия түні»

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен аталған мекемеде жастармен бірге жыр әлеміне саяхат жасау мақсатымен «Кітапханадағы поэзия түні» атты шара өтті.

 Аталған шараны аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Анар Мусина ашып, қош келдіңін айтып:

– Бүгінде өлеңді жанына серік етіп жүрген, жүрегімен түйсініп, сүйіп оқитын жастар мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Поэзия түні», яғни, лирикаға толы кеш өткелі отыр. Жалпы айтқанда поэзия халық ауыз әдебиетінің бір үлкен саласы. Сан ғасырлар бойы сақталып, дамып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл қазынамыз. Міне, осы поэзияны дәріптеу, оны құрметтеу, әр уақытта өзіміздің қазақ тарихында ұлы халықтың рухани мұрасына сүбелі үлес қосқан ұлы тұлғаларымыздың мұраларын кейінгі буынға жеткізу басты міндеттеріміздің бірі. Біз солармен мақтанамыз. Өлкемізде олардың ізін жалғаған, халықтың ыстық ықыласына бөленген, өрнегі мол жырларымен танылған жерлес ақындарымыз өте көп-ақ. Осы поэзияның құдыреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімін ұлықтайтын, асқақтататын және насихаттайтын шарамызды ашық деп жариялаймын, – деді.

Келесі кезекте кеш қонағы жас ақын Ұлан Иманғали сөйлеп, өлеңдерін оқыды. Тамылжыған жазғы кеште өткен, ел келешегі – жас буынға берер өнегесі мен ұлағаты мол шараны аудандық орталықтандырылған кітапхананың қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ақмоншақ Сыдыхова жүргізді.

Мәдениет үйі алдындағы алаңда бір топ жастар кезектесіп қазақтың өршіл рухы мен тектілігін жырға қосқан ұлы Абайдың, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мұқатаев, Төлеген Айбергенов және басқаларының өлеңдерін жатқа оқыды.

Өздерінің жазған туындыларын да оқырман назарына ұсынуды ұмыт қалдырмады. Жас өнерпаздар шара шырайын әнмен ашты. Келесі кезекте кеш кітапхана ішіндегі кофе брейкке, караокемен ән айтуға жалғасты.

Оқырман залында тағы да өлеңдер оқылып, қатысушыларға ақындарға қатысты сұрақтар қойылды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT