Кітапханадағы әсерлі кездесу

(0 Votes)

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Құрманғазы аудандық орталық кітапханасында  аудандық кітапхана және Құрманғазы ауылдық округ жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақ Елі – татулық мекені» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті.

 Шараға аналар кеңесі, музей қызметкерлері, мектеп оқушылары, кітапханашылар, оқырмандар, ұстаздар мен зейнеткерлер қатысты. Кездесу кешіне орыс халқының өкілдерінен - Ольга Диргунова, Башмакова Татяна Васильевна, кәріс ұлтының өкілі – Ким Соня, өзбек ұлт өкілі Тулиева Наргиза қатысты.

Шараны әсерлі жүргізген кітапхана қызметкерлері А.Күнтудаева қонақтарға сөз беріп, сауалдар қойып, кеш қонақтарының әңгімелеріне кезек берді. О.Диргунова өз сөзінде қазақтың ұлттық тағамдарын өз асханасында пісіретінін, әр қазақтың ұлттық мейрамдарын қазақ көршілерімен бірге тойлап, Көрісер айтта көршілерге барып көрісіп, қазақ көршілерімізде өз үйінің төрінде қонақ болатынын айтса, Т.Башмакова тіпті асқа нанды сатып алмай қазақша қолмен илеп, жаятынын жеткізді.  Ал Н.Тулиева өзін таныстырып өтсе Ким Соня қонақ кәде ретінде Шәмші әндерінен папури орындап берді. Сондай-ақ кітапханашы С.Утебалиева «Бірлік-береке бастауы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасап, кітапханадағы әдебиеттерге тоқталды. Ломоносов орта мектебінің оқушыларының «Біз біргеміз» атты композициясы әсерлі әрі көрермендер көңілінен шығып жатты. Кешті С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Самиғоллаев Ерасыл, Ермек Айсын, Раушан Сарсенова «Жерім менің», «Елге арнау», «Айналайын елім менің» әндерімен көркемдесе шараны Құрманғазы ауылдық округі жанындағы аналар кеңесі төрайымы Гаухария Кінәмақызы, аудандық ОКЖ директоры Анар Нуриқызы қорытындылап, кітапхана атынан қонақтарға құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Жанаргүл Жасқайырқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT