Кітапхана түні

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастырумен 19-шы қыркүйектен 20-сына қараған түнде республикалық «Kitap Time-2024» фестивалі  аясында  «Кітапхана түні» тағылымдық шарасы өтті.

Аталған шара көрме-викторина, «Поэзия түні», әртүрлі таңғажайып фактілерге арналған зияткерлік ойындар, «Қолөнер – зор өнер» ұлдарға арналған  ағашқа күйдіріп өрнек салу, қыздарға арналған түрлі шаш өрімдерін жасау шеберлік сағаттары, «Мейірімді кітаптар – мейірімді қолға!» кітапханалық дүңгіршегінен, «Әдеби коктейль-бар», кітапхана жаңалықтары сынды бөлімдерден тұрды.

«Поэзия түнінде» Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нұрлығайын Нұғыманов, Қазақстан Журналистер одағының мүшелері, ақын Есмұхан Жанизин, Қанат Ғұмаров, жас ақын Алтынбек Қалбайұлы өз өлеңдерін оқыды.

Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері мен қатысушы оқушылар танымал ақындардың өлеңдерін жатқа айтты. «Қолөнер – зор өнер» бөлімінде ауданымызға есімі танымал қолөнер шебері Талғат Жұмалиев өз қолынан шыққан бұйымдарын жайып қойып, күйдіріп сурет салудың қыр-сырын таныстырды.

«Әдеби коктейль-барға» Құрманғазы ауданының Құрметті азаматтары Ержан Ғайнетов, Ғизатолла Мүрсалиев, ақын Нұрлығайын Нұғыманов белсене атсалысып, қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды. Әртүрлі зияткерлік ойындарға оқушылар қызыға қатысып, таласа-тармаса жауап беріп жатты.

Қыздарға арналған шаш өрімдерін жасаумен Заря Қуанышқызы айналысса, «теледидардан» кітапхана жаңалықтары тыңдалды. Құрманғазы ауданының тұрғыны Нұрлан Атаев республикалық «Кітап сыйла» акциясы аясында аудандық орталықтандырылған кітапханаға 40 кітап сыйға тартты.

Тоқ етерін айтқанда қызықтың өткен шараның қай бөлімі де текке кетпей  қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қ.Зарлыханұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT