Кітап оқу – ақыл тынысы

(4 Votes)

"Асылы адам баласы бір-бірінен терең білімімен, көркем мінезімен ерекшеленеді.

Басқа жолмен артық болдым деу, құр далбаса", -деп хакім Абай айтқандай, кемелденген білім иесі болудың бірден-бір жолы – кітап оқу. Мектеп кітапханасымен біріккен түрде "Балаға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады?" тақырыбында сантитарлық талапты сақтай отырып, ата-аналармен семинар-практикум өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі әдіскері, ауылдық кітапхана қызметкерлері, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Шара барысында түрлі тренинг пен "Менің атым-Қожа" повестінен буктрейлер өткізілді. "Ана мен бала" көрінісі қойылып, мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасын ұсынды. Семинарға белсенді қатысқандарға "Менің атым Қожа" шығармасының электронды нұсқасы сыйға берілді.

 

Нургул Мадиева

Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің

мектеп директорының екінші санатты орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT