«Кітап керуені - руханият әлеміне шақырады»!

(0 Votes)

Осындай атаумен Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде әдеби керуен бастау алды. 

Шара барысында керуен сазды әуеннің ырғағымен залға кіріп, шашу шашып, көрермендерге ақ пен бауырсақ ұсынды. Бүгінгі керуен ұлттық әдебиетімізге өзінің өлмес туындыларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлеріміздің бірі Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кітабына арналды. 

Керуен кейіпкерлері жазушының сан қырлы шығармаларына тоқталса, қария ақ батасын берді. Сондай-ақ арнайы әзірленген бейнеролик пен кітап көрмесіне шолу оқырман назарына ұсынылды.

Ал Абай атындағы жалпы орта мектебі жанынан құрылған «Бойтұмар» театрының (жетекшісі Мақсат Қайырбекұлы) өнерпаздары қаламгердің «Балалық шаққа саяхат» кітабынан қойылым қойып, өнерлерін ортаға паш етті. 

Домбырашы Ерболат Хайруллаев пен әнші Ерасыл Самиғоллаев өнерлерімен шараның көркін қыздыра түсті. 

Шара соңында аудандық ОКЖ директоры Анар Нуриқызы сөз алып, жоғары деңгейде өз өнерлерін көрсете білген «Бойтұмар» театрының өнерпааздарына естелік сыйлықтар ұсынды.

Айта кетейік, әдеби керуен шарасы аудандық ОКЖ-не қарасты барлық кітапханада 2 ай бойы жалғасын табады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT