Кіші аяқ добынан өткен жарыс

(0 Votes)

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ерлер арасында кіші аяқ добынан аудандық жарыс өтті. Оған 17 ауылдық округтің командалары қатысып, 200-ге жуық спортшы бой көрсетті.

Жарысты қортындысымен: І орын – Ақкөл, ІІ орын – Құрманғазы, ІІІ орын – Теңіз ауылдық округінің командасына бұйырды."Үздік ойыншы" - Салауат Уәлиев,"Үздік қақпашы" атауларын – Аслан Мұқанғалиев иемденді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасынан да осындай сайыс өтті.Жарысқа аудандық әкімшіліктің тоғыз бөлімінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қортындысында І орынды - Әлеуметтік сала бөлімі,ІІ орынды - Мәдениет және ішкі саясат бөлімі, ІІІ орынды - Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің командасы жеңіп алды. Сонымен қатар, "Үздік ойыншы" - Ануарбек Сабитов,"Үздік қақпашы" - Али Бектемиров, "Үздік қорғаушы" - Наурызбай Бисенгалиев, "Үздік ұйымдастырушы" - Сүндетов Жасұлан, "Сұр мергені" атағын - Алишер Гилаев иемденді. Дода соңында жеңімпаздар мен жүлдегер командалар бөлім атынан кубок, диплом, медальдармен марапатталды.

sport-1

 

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521