❇️Декларация нысаны
270.00 нысаны – «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация».
«Кірістер пен мүлік туралы декларацияны» кім тапсыруы керек 2021 жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсырған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін кірістер мен активтер туралы жылдық декларацияны (270.00-нысан) ұсынуға міндетті.
❇️ « Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда» көрсетілген мәліметтер
1. Есепті күнтізбелік жыл үшін алынған кірістер;
2. Салық шегерімдері;
3. Мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару фактісі;
4. Сыртта орналасқан шетел банктеріндегі банктік шоттардағы ақшалар
5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік;
6. Нотариалды куәландырылған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің берешегі көрсетілмеген.
Маңызды!
❇️Декларацияда келесі кіріс көздері бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) көрсетілуі және есептелуі тиіс:
1. Мүліктік табыс;
2. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден түсетін кірістер;
3. Үй қызметкерлерінің салық ұстаушыдан алынбаған табыстары;
4 Қызметкердің салық агенттері болып табылмайтын шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) ЖҚК шарттары бойынша табыстары;
5. Қызметкердің халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттен босатылған қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) ЖҚК шарттары бойынша табыстары. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзі;
6. Кәсіби медиатордың кірістерін қоспағанда, медиатордың кірістері;
7. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс.
Кірістер мен мүлік декларациясы туралы
- Информация о материале
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- : 675
