Әкімшілік жауаптылық түсіндірілді

(0 Votes)

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында және «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін жүзеге асыру мақсатында, Атырау гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелердің барлық санаттағы әскери қызметшілерге 2020 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі талаптарын жеке құрамға жеткізу бойынша дәрістер өткізілді.

Іс-шаралар барысында, әскери қызметшілерге Ішкі істер органдарының өкілдерінің қатысуымен, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер, ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, ортақ пайдалану орындарын ластау, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттермен жол қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша насихаттау жұмыстары кеңінен жеткізілді.

Бақтияр Дәуренқұлов ,

Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің (әкімшілік тәжірибе) офицері әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT