Әкімнің ұйымдастырған танымы мол саяхаты

(0 Votes)

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» демекші, Асан ауылының басшысы Гүлім Қабдражитованың қолдауымен «Жастар жылы» аясында бір топ белсенді қыз-жігіттер Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешеніне барды.

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Аймақ жастарының Құрманғазы ауданындағы күндері» жобасы бойынша Сүйіндік ауылдық округіне барып, спектакль, гала концерт тамашалап, интеллектуалдық ойындарға қатыстық.

Одан кейін, Сүйіндік ауылынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Батыс Қазақстан облысы, Орда ауылына жетіп, «Жасқұс» қонақ үйіне орналастық.

asan1

Танымдық экскурсиямыз Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешенін аралаумен жалғасын тапты. Жәңгір хан кесенесіне барып құран бағыштап, зиярат еттік. «Жастар жылы» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарға қолдау білдіріп, осындай тәлім-тағылымы мол саяхат ұйымдастырғаны үшін ауыл әкіміне зор ризашылығымызды білдіреміз.

Ғ.Есенболат,

Асан ауылдық округі жастар ұйымының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT