Әкімдер сайлауын қолдаймын

(0 Votes)

Бұл жерде мен аудан және қала әкімдері қатысты айтып отырмын. Себебі, Президентіміз Республика күнімен құттықтаған сөзінде: «Жақында аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін азаматтарымыз тікелей сайлайтын болады.

Әзірге жаңа тәсілдің тиімділігін байқап көреміз. Адам құқығын қорғау жүйесі жетіле түсті» деген болатын. Аудан және қала әкімдерін сайлау - маңызды науқан. Халық арасында кең қолдау табатынына сенімдімін. Себебі, әкімді басқа жақтан әкелгеннен гөрі елдің ішінен, жергілікті жердің қыр-сырын білетін адамдар арасынан таңдаған тиімді. Басқа жақтан келген адам 1-2 жылдан соң кетеді, біз қаламыз. Ал, сайланған әкім келесі сайлауға дейін жұмыс жасайтынына сенімді болады. Қалың бұқара кімнің-кім екенін біледі. Өздері үлкен сенім артқан адамдарға ғана дауыс берері анық. Қолынан іс келетіндерді ел жазбай таниды. Ондай азаматтар жоқ емес. Әрі осындай жолмен атқарушы билік басына келген әкім халықтың алдында жауапты болады, берген уәдесін жүзеге асыруға күш салады деп ойлаймын. Сайлау әділ өтсе, жүрегі «елім, жерім» деп соғатын, қара басының баюын емес, мемлекеттің дамуына үлес қосуды міндет етіп адамдар қатары көбейе түседі.

Таңатар Дарелұлы, ҚР Журналистер, Жазушылар одақтарының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT