Әкімдер есебі онлайн өтуде

(0 Votes)

Әлемде орын алған қауіпті індетке байланысты, Құрманғазы ауданына қарасты ауылдық округ әкімдерінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2021 жылға міндеттері туралы есебі жылдағыдан өзгеше әлеуметтік facebook, instagram желілері арқылы режимде өткізілетін болды.

Бұл жаңашылдықты Мақаш ауылдық округі әкімі қызметіне жаңадан тағайындалған Бауыржан Қадыров бастап берді. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі, оның орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты.

Тікелей эфирде өткен жиын барысында ауыл тұрғындары facebook-тегі @Құрманғазы ауданы әкімдігі,  instagram-дағы @kurmangazy_akimat парақшалары арқылы сұрақтары мен ұсыныстарын жолдауға мүмкіндік алды. Ал, әлеуметтік желі арқылы қатыса алмайтын тұрғындардың ұсыныс-пікірлері үшін, әрбір округ ғимараттарында сенім-жәшіктері орналастырылды. Бұған қосымша 8(71233)2-07-99, 2-06-90 байланыс телефондары, 87784685735 ұялы телефоны бойынша whatsaapp, telegramm мессенджерлері жұмыс жасап тұрды.

Жарты сағаттан астам уақытқа созылған округ әкімінің есебінен соң әлеуметтік желілер арқылы ұсыныс-пікірлер болмағанымен, тұрғындардан алдын ала түскен сұрақтарға жауаптар қайтарылды. Онда Алға ауылы бойынша ауылішілік асфальт жолдар салу, көшелерге жарық тарту, ауылға жазғы су құбырын жүргізу, Қаракөл елді мекеніне ойын алаңын салу, Афанасьев бекеті бойынша көше жарығын тарту, ауылға кірме жол салу, сондай-ақ, округке қарасты ауылдардағы электр энергиясымен қамтудағы жұмыстарды жақсарту, өзекшелердегі түп  тереңдету мәселесі көтерілді.

Жиында сөз алған аудан әкімі Қайрат Нұртаев округтің әкімі Б.Қадыровтың қызметке жақында ғана тағайындалғанын айтып, есепті баяндамада айтылғандардың барлығы бұрынғы әкім, зейнет демалысына шыққан Б.Мұфтаховтың кезінде атқарылған істер екендігіне тоқталды. Жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, ауылды өркендету бағытында бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, өткен жылғы тұрғындар жиынында айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалысынан хабардар етті.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT