Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихат ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйімен бірлескен түрде «Елге қызмет – мерейлі міндет» атты марапаттау шарасын өткізді.
Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Марат Мурзиев ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен және Қазақстан Мәслихаттарының Құрметті депутаты төсбелгісімен бес бірдей шақырылымға депутат болған сала ардагері Мансур Қуанышәлиевті, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен VІІ шақырылым депутаты Есболат Құбашевті марапаттады. Nur Otan партиясының Құрмет грамотасымен II, V, VI, VII шақырылым депутаты Бержан Кенжебаевты ұлығыласа, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хатын халық қалаулыларына ұсынды.
Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов өкілді органның құрылу тарихы, жетістіктері жөнінде баяндама жасап, сала ардагерлеріне түрлі марапаттарын тапсырды. Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Мансур Қуанышәлиев бұрынғы Шарада аудан өнерпаздары әсем әндерін орындады.
А.Шакупова