Қиғаш ауылдық округіне аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов барып, атқарылып жатқан жұмыстарды қарады. Қиғаш ауылдық округі бойынша су тасқынынан қорғану бөгетінің жалпы ұзындығы 1000 метр шақырымды құрайды.
Қауіпті деп белгіленген аймақтарға қазіргі уақытта бөгеттерді көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы кезеңде атқарылған жұмыстар бойынша: Қиғаш ауылдық округіне қарасты Д.Нұрпейісова елді мекенінде орналасқан бөгеттің 110 метр шақырымына 1-дана бульдозер техникасымен көтеру жұмыстары жүргізілді. Күні бүгінге жұмыс жалғасуда.
Сондай ақ, техниканың баруға қиындық туғызатын жерлерге 123 дана топырақпен толтырылған қапшықтар қойылды. Судың ағып өтетін орындары (өткелдер) тазаланып, қалпына келтірілуде.
Қиғаш ауылдық округі бойынша елді мекендерді 2024 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық және қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында штаб құрамымен арнайы іс-шара жоспары жасақталып бекітілді. Іс-шара жоспары аясында: Төтенше жағдай кезінде тұрғындарды эвакуациялау орны Қиғаш жалпы орта мектебі болып белгіленді және төрт-түлік малдарды көшіру схемасы жасақталып бекітілді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, судың келу деңгейі үнемі бақылауда.