Құрманғазы аудандық орталық кітапханасы ауданымыздың киелі жерлері мен ескерткіштері, тарихи орындары туралы оқырмандарға таныстыру, жастардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, тарихи құндылықтарға толы туған жерді сүюге тәрбиелеу мақсатында саяхат жасады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Афанасьев ауылынан шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан 19 ғасырдың екінші жартысында Бөкей ордасында елу жылдай ел басқарып, өңірдің көркеюіне көп үлес қосқан өз заманының озық ойлы қоғам қайраткері, белгілі ағартушы Мақаш Шолтырұлы Бекмұхамбетовке 1909 жылы салынған Мақаш қорымына және 2000 жылы сол кездегі облыс әкімі И.Тасмағамбетовтың қолдауымен ақ тастан тұрғызылған кесенеге саяхат шарасын жасады.
Шара барысында Мақаш бабаның рухына Құран бағышталып, Құрманғазы аудандық орталық кітапханасының оқырман қамту бөлімінің меңгерушісі Людмила Ибатоллақызы оқырмандарға тарихи тұлғаның өмірдерегін, еңбектерін баяндап, Мақаш қорымы мен кесенесін таныстырды. Қасиетті орында ағартушының шешендік сөздері мен өлеңдерін Еңбекші және Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Нұрымбек Орынбек, Сырымбет Меңдіғали, Нұрасыл Мұхаров, Дәуренбек Зайров, Айзада Мұнбаева, Орынбасар Әмір, Ибатолла Гүлсезім, Рустемқызы Сезім, Аяулым Баймұратқызы мәнерлеп оқыды.
Оқушыларға кітапхана атынан алғыс хаттар табыс етілді.