Хиуаздың жерлестері думандатты

(0 Votes)

Хиуаз Доспанованың туғанына – 100 жыл. Соған сәйкес, «Қанатты қыздың» жерлестері айтулы шараны дүркірете тойлады.

Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Хиуаз ауылында өткен тойға батырдың ұлы Ерболат Әміров, мемлекет басшысының және облыс әкімі, халықтың қолдауымен Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанова есімі берілуіне атсалысқан қаламы қарымды журналист Тұрсын Калимова, «В небе ночные ведьмы» фильміндегі Хиуаз рөлін сомдаған Маржан Аюпова, аудан әкімі Марат Мурзиев пен бөлім басшылары, ардагерлер қонаққа келді. Хиуаздықтар арнайы келген меймандарды ауылға кіре-берістегі ескерткіш ұшақтың жанында күтіп алып, оларға ақтан ауыз тигізді.

img-20220516-wa0069

img-20220516-wa0070

Көліктен түскен алқалы топқа «Нұршуақ» әжелер ансамбльі «Той базар» әнімен шашу шашып, Жанат Сидеғалиева келушілерді этно-ауылмен таныстырды. Бұл ауылдағы келіндердің бірі ошақтағы қазанда бауырсақ пісіріп, бірі самаурын салып, бірі күбімен қымыз ашытып, бірі диірменнен тары езіп, бірі сары май мен қаймақтан дәм татқызды. Ал, әжелер жүн түтіп, оны сабап, одан ұршық иірсе, нұрбөбектік балақайлар асық атып ойнады.

img-20220516-wa0071

img-20220516-wa0077img-20220516-wa0076img-20220516-wa0075img-20220516-wa0074img-20220516-wa0073

img-20220516-wa0072

Кейін қонақтар 8 қанат құрылған киіз үйлерге кіріп, бірінен ағаштан жасалған бұйымдар мен сүйектен ойылған мүсіндерді, этно стильдегі киімдер мен төсек-орындарды тамашаласа, ендігісінен Хиуаз Доспановаға арналған мұражайдағы суреттер, естеліктер мен кітаптарға қанықты.

img-20220516-wa0078

img-20220516-wa0079

img-20220516-wa0082

img-20220516-wa0081

img-20220516-wa0080

img-20220516-wa0083

Экскурсия жаңадан бой көтерген Хиуаз саябағына жалғасты. Қонақтар бақ ішін толық аралап болған соң, алдағы уақытта бой көтеретін батыр анамыздың ескерткіш-мүсінінің орнын арнайы мамандармен талқылады.

img-20220516-wa0084

img-20220516-wa0085

Айтулы күн «Қанатты қызға - құрмет» атты мерекелік шараға ұласты. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы «Жиделі» халықтық фольклорлық ансамблі Қаршыға Ахмедияровтың «Той күйімен» салтанатты жиынның шымылдығын ашты. Алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Марат Бисенғалиұлына беріліп, ол ұлық мерекемен барша тұрғындарды құттықтады. Ал, батырдың жалғыз тұяғы Ерболат Әміров нағашы жұртына алғаш рет кеп тұрғанын, анасының жерлестерінің қонақжайлығына ризашылығын білдіріп, оның ғасыр жасын дүркіретіп тойлап жатқандары үшін шексіз рахметін айтты. Актриса Маржан Аюпова да бұл реттен қапы қалмай, жерлестерімен жүздесіп, аудандық мұражай қорына Хиуаз әжей туралы қазіргі балалар көзімен суреттер коллекциясы мен ту ұсынды. Сонымен қатар, хиуазтанушы атанған журналист Тұрсын Қалимова, батыр өскен өлкенің ұрпағының осал емес екендігіне сенім білдірді.

img-20220516-wa0086

img-20220516-wa0087

img-20220516-wa0088

img-20220516-wa0089

Шарада жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, З.Исмагулов атындағы халық театрының «Қанатты қыз – Хиуаз» атты көрінісі сахналанды. 

img-20220516-wa0090

img-20220516-wa0091

img-20220516-wa0092

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT