Хиуаздан «тегін такси» жолға шықты

(1 Vote)

Қасиетті жұма күні Хиуаз ауылының бір топ жастары сауапқа толы сапарларын бастады.

Тегін такси қызметін ұсынушылар Хиуаз ауылынан Құрманғазы ауылына дейін ауыл тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді. Қарап отырсақ, Хиуаз-Құрманғазы ауылының арасындағы жол 16 шақырымды, такси бағасы – 400 теңгені құрайды.

tegin-taksi1

Ал, Дидар Шияпов, Асан Бекбаев, Азамат Рыспаев, Нұржан Құзайыров, Тұңғышбек Бүркітбаев сынды 1992 жылы туылған ізгі азаматтар бұл күні тұрғындардан бір тиын да ақы алмай, өздерінің сауапты істері арқылы олардың алғысына бөленуде. Жолға шыққан бес жігіт таңертеңгі мезгілден бастап бірнеше адамды тасымалдады.

Айта кетейік, бұл сауабы мол игі іс еріктілердің ұсынысымен алдағы әр жұма сайын жалғасын таппақ.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT