Хиуаз мұрасы - мұражай сөресінде

(0 Votes)

Аудандық музей экспонаттарының саны артты. Яғни, «Қанатты қыз» атанған Хиуаз Доспанованың көзі тірісінде қолданған бұйымдары мұражай сөресіне қойылды. 

Батырдың тұяғы Ерболат Шәкуұлы ауданымызға арнайы келген сапарында жәдіргерлер үйіне бас сұғып, Хиуаз әжейдің соғыс ардагерлеріне арналған қалта сағаты мен құжаттарын сыйға тартты.

khiuaz-mrasy-mrazhaj-sresinde1


Сонымен қатар,  Қазақ КСР зейнеткері екендігі куәландырылатын куәлігі №1475 14.11.1975ж, 1946-48 жылдары Республикалық партия мектебін толық курсын бітіріп шыққандығы туралы дипломы №008120 29.11.1948ж бар. Оған қоса, есімі көрсетілмеген Пряниковы атты құрбысынан «Қымбатты Катя» деп басталатын «Жеңіс» күнімен құттықтау жеделхатын жолдаған телеграммасын өткізді. Аудандық мұражай басшысы Жазира Хайрошева мен Ерболат Әміров бағалы заттардың ұсынылып-қабылданғанын растайтын келісімшартқа қол қойды.

khiuaz-mrasy-mrazhaj-sresinde2

Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521