Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Боздақтар ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

(0 Votes)

Халық Қаһарманы, жерлесіміз Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай аудан орталығындағы Боздақтар ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Бүгінгі өтетін салтанатты шараға батырдың ұлы Ерболат Амиров пен Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі, Журналистер одағының мүшесі, Халық қаһарманының ерлігін насихаттаушы журналист-қаламгер Тұрсын Қалимова қатысуда.

khiuaz6

Алдымен бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан боздақтардың және жерлесіміз, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Доспанованың рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алды.

khiuaz5

khiuaz3

khiuaz2

Боздақтар ескерткішіне аудан әкімі Марат Мурзиев пен Хиуаз анамыздың ұрпағы Ерболат Амировтың атынан ықылас гүлі қойылды. Одан әрі азагүлдер қою рәсімін аудандық мәслихат хатшысы және депутаттар, аудандық қорғаныс істері бөлімі, Чернобыль апатын зардабын жоюшылар қоғамдық бірлестігі, ауған соғысы ардагерлері, ардагерлер одағының Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі, аудандық сот, аудандық ұлттық қауіпсіздік комитеті, «Құрманғазы» әскери шекара бөлімі, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және №7 өрт сөндіру бөлімі, Құрманғазы, Жаңаталап ауылдық округтері мен Хиуаз ауылы, Хиуаз Қайырқызының ағайын-туыстары, аудандық музей, мұрағат және орталықтандырылған кітапхана ұжымы жалғастырды.

k

khiuaz7

k

 

Айнагүл Шакупова       

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521