Хиуаз батырға бюст орнатылады

(0 Votes)

Қашықтан болса да тұрғындар алдында 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берген Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Олжас Тәжібаев әр сала бойынша тізбелеп, алдыңғы жылмен салыстыра отырып баяндап берді.

Шынын айту керек, әр көрсеткіш бойынша бірқатар ілгерілеушілікті, мақсатты орындалысты байқауға болады. Мұны жиынға қатысып отырған аудан әкімі Қайрат Нұртаев та өзінің қорытынды сөзінде атап өтті. Сондай-ақ, округ ғимаратына орналасқан сенім жәшігі арқылы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға, ұсыныстарға жауабын берді. Оларды нақтылай кетсек, көптен бері айтылып, жыр болған ауылға мәдениет үйі ғиамаратын, ауылішілік және кірме жолдарды салу және Сильнай көпірін жөндеу туралы болды.

- Бұл айтылғандардың барлығы аудан, округ әкімдігінің күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Мәдениет үйі бойынша айтарым, 2021 жылдың бірінші тоқсанында жобалау-сметалық құжаттарды жасақтауды аяқтаймыз, құрылыс жұмыстарын бастап кету де биылғы жоспарымызда бар. Ауылішілік және кірме жолдар «Ауыл – ел бесігі» бағларламасы аясында алдағы уақытта қолға алынады. Бұдан басқа Дәулеткерей атындағы саз мектебінің жобалау-сметалық құжаттары жасақталды, қаржы бөлінуне қарай оның да құрылысы салынатын болады. Өткен жылы ауылдағы саябақты абаттандыру басталған еді, өкінішке орай пандемияға байланысты тоқтап қалды, дегенмен бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Сонымен бірге, сол демалыс орнына батыр Хиуаз апамызға  ескерткіш бюст орнатылады. Сильнайдың көпірі аудандық коммуналдық меншікте болмағандықтан бюджеттен қаржыландыруға жатпайды. Бірақ та, аудан көлемінде жол құрылысын жүргізіп жатқан мекемелердің демеушілігі арқылы өр суы келгенге дейін бұл мәселені шешуді ойластырудамыз.

Округ әкімі О.Тәжібаев жиынның соңын ала әлеуметтік желі қолданушыдан түскен атаулы әлеметтік көмек туралы сұрағына  орай оны алудағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп кетті.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521