Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Жаңаталап ауылдық округінде «Ұлы Жеңіс ел мен ердің жеңісі» атты шара аталып өтті.
Алдымен «Боздақтар алаңы» басында соғыстан оралмаған жерлестерге құран бағышталып, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Саханұлы сөз алып, меркелік тілегін білдірді.
Концерттен кейін ауыл үлкендері жаңа мәдениет үйі маңына тал отырғызып, игі тілектерін жеткізді.