«Хиуаз» атауын өзгерткенін қаламаймыз!

(0 Votes)

Хиуаз Доспанова апамыз Құрманғазының киелі топырағынан (Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Зормата телімінен) шыққан жерлесіміз.

Майдан кезіндегі ерліктерінің өзі бір төбе, соғыстан кейін де лауазымды қызметтер атқарып, Елбасының Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағын иеленуі – біз үшін зор мақтаныш.

2018 жылы ауыл үлкендерінің бастамасымен аудан әкімшілігінің қолдауымен, облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың мақұлдауымен өзінің туған жеріне есімі берілген болатын. Сол кезде округке қарасты барлық мекемелер, ауыл тұрғындары мекен-жайларын, жеке куәліктерін, балаларының туу туралы куәліктерін өзгерткен болатын. Округімізде күннен-күнге жаңа үйлер салынып, халық саны көбею үстінде.

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты С.Еңсегенов көтерген Халық қаһарманы Х.Доспанованың есімімен аталған объектілер және әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктерінің атауында «Хиуаз» деген жазуды «Хыйуаз» деп өзгерту туралы халық арасында талқылау туралы ұсыныс түскен болатын. Енді осы атауды қайтадан, яғни «Хиуазды» «Хыйуазға» өзгертетін болсақ осы тұрғындардың барлығы қайтадан құжат ауыстыруы керек болады. Бұл өз кезегінде халықтың наразылығын тудырады деп ойлаймын. Әрі «Хиуаз» аты жазылуға да, аталуға да ыңғайлы. Біз Хиуаз ауылының тұрғындары, «Хиуаз» атауын өзгерткенін қаламаймыз.

С.Сапарғалиев,

Хиуаз ауылының тұрғындары атынан, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521