Хиуазға клуб 2021 жылы салынады

(0 Votes)

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жиделі» фольклорлық ансамбілінің көркемдік жетекшісі Талапқали Зайнуллин күні бүгін ауданға қарасты Асан, Бірлік, Көптоғай, Кудряшов, Жаңаталап ауылдық округтерінде мәдениет үйінің жоқтығына, Байда, Теңіз, Лабай, Үштаған елді мекендеріндегі клуб ғимараттары апатты жағдайда тұрғанына алаңдаушылық танытып, жобалық сметалық құжаттары жасақталған мәдени ошақтардың құрылысына қаржы көзін тезірек қарастыруды сұрады.

-Байда, Теңіз, Көптоғай, Бірлік ауылдық клубтарын салу мақсатында ЖСҚ әзірленіп, 2019 жылы сараптамадан өткізуге ұсынылды. Бұл жұмыстар 2020 жылы аяқталады деп күтілуде. Хиуаз ауылына 300 орындық клуб ғимаратының құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталу үстінде, - деді аудан әкімі Қайрат Нұртаев.Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов аталған жұмыстар бірінші жартыжылдықта аяқталып, қаржы бөлінгеннен кейін, Хиуаз ауылында 2021 жылы клубтың құрылысы басталатынын хабардар етті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT