С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы оқу ағарту ісінің үздігі, соғыс және еңбек ардагері, Жаратылыстану ғылымдарының және химия пәндерінің аса жетік маманы Бекболат Абатовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Білім, ғылым, инновация және өндіріс» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев, Б.Абатовтың шәкірті, есімі Қазақстан мен Ресей елдеріне белгілі ғалым, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор Ербол Махмотов, Атырау қаласы Әлеуметтік орталығының директоры Өміржан Жұманиязов, техника ғылымдарының докторы, профессор Есенғали Ғилажев және басқа да адамдар қатысты. Химия саласының майталманы, есімі елге белгілі шәкірттер тәрбиелеген ұстазды ұлықтауға арналған шараны профессор Ербол Махмотов кіріспе сөзбен ашып, мақсатына тоқталды...
Қ.ҒҰМАРОВ