Хазретті Мүфти – Құрманғазыда!

(0 Votes)

Атырау облысына ресми сапарымен келген Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мүфтият өкілдерімен бірге Құрманғазы ауданына табан тіреп, аудан ардагерлері мен мемлекеттік қызметкерлер жиналған жиынмен бастады.

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілген кездесуде өңіріміздегі діни бағыттағы түйткілді мәселелерді талқылап, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Жиынды аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы алғысөзбен ашып, Хазретті Мүфтидің бұл сапары жемісті әрі сауапты болсын деп тілек етті. Өзіміз білетіндей теріс ағымның жетегіне еріп, асыл дініміздің атына кір келтіріп жүргендер біздің ауданымызда да аз емес. Оған қарсы күрес жүргізіліп, бүгінде адасқанның арты жол болып, дәстүрлі мазғабқа ауысушылар саны да артып келеді. Осы орайда, сөз алған Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аудан жұртына амандық пен береке тілей отыра, осы кездесуді бұйырған Аллаға сансыз шүкірлер айтып, жиналған жамағатқа Мүфтияттың деструктивті діни ағымға қарсы жеті кезеңнен тұратын бағытын түсіндіріп берді. Сонымен қатар, құрманғазылық жамағатты да бұл күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

e39d1ea3-a32a-423d-a443-456c12aa9654

Кездесу барысында еркін микрофонға кезек беріліп, Бас Мүфтиге сұрақтар қойылды. Оның басым бөлігі – молдаларға деген көңіл толмаушылық, орамалды арулар, сананы улайтын видеороликтер. Яғни, бір құмалақтың бір қарын майды шіріткені сынды, ауданымызда кейбір молдалардың теріс қылықтары байқалып, сынға ұшырауда. Осы орайда, Хазретті Мүфти мешітке қойылар имамдар мен ауылдық молдаларға арнайы сертификаттар арқылы тағайындау жұмыстары жасақталып жатқандығын қаперге берді. Ал, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ақтілек Хамитова болса, етегімен жер сипап, аузы – мұрнын көлегейлеген қаракөздерге көңілі толмайтынын ашып айтты. Ол етегіне сүрініп, құлап жүргендерді көзімен көргенін, оған қатысты қандай шара қабылданатынын сұрады.

ba062ea9-14c7-4382-8131-a69416ae57cc

Бұл сұраққа Бас Мүфти орамалды нәзік жандылар үшін ҚМДБ арнайы қазақи орнаментпен көмкерілген киім үлгілерін ойластырғанын тілге тиек етті. Шара соңында аудан әкімі Марат Мурзиев қазіргі індет жайлаған заманда вакцина туралы намаздағы бауырлардың бас тартып жүргенін айтып, мешіт имамдары әрбір Жұма намазында уағыз айтылу барысында екпенің маңыздылығы туралы атап өтсе деген ұсыныс білдірді. Сонымен қатар, жиынға жиналған арнайы өкілдер мен өңір басшысы аудандық Темірәлі мешітінде болып, іргесі қаланып жатқан медресе жұмысымен танысты.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521