Хат жаздым қайран болса...

(0 Votes)

Газет оқырмандарынан сан алуан хаттар көптеп келеді. Солардың ішінен іріктеп, баршаға ортақ мәселе көтергендерін аудан әкімдігі аппаратына жолдаған болатынбыз. Кері байланыс қағидатына сай аудан әкімінің орынбасары Жастілек Хасанов оқырман хаттарына өз жауабын берді.

С.Шеркеш, Құрманғазы ауылы: Соңғы екі жылда Қиғаш өзенінде түп-тереңдету жұмыстары жүруде, оған қуаныштымыз, әйтпесе шөп пен құм басқан арналардан су мен балық жүруі азайған еді. Оның барысымен ақпарат құралдарынан жақсы таныспыз. Менің сұрағым келгені, қазір Шора өзенінің екі жағын эксковатормен тереңдетіп жатыр. Ендігі мәселе өзеннің екі жағына төбе-төбе болып үйілген қазылған топырақты қайтпек керек? Ол ертең кеуіп, желмен ұшып қайтадан арнаға түспей ме? Неге оларды бірден көлікпен тасып, алысқа әкетпейді? Көктемгі өр суы келгенде қайтадан өзенге түссе жұмсаған қаржы желге ұшпай ма? Бұл жалғыз менің емес, көп адамдардың көкейінде жүрген сұрақтар. Қалай шешілетінін білгіміз келеді. Редакция осыған жауапты адамдармен сөйлесіп, анығын жазса нұр үстіне нұр болар еді.

Жауап: «Атырау облысы шегінде Қиғаш өзенінің су көлемін ұлғайту және гидрогеологиялық режимін жақсарту» мақсатында «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекетттік мекемесінің тапсырысы бойынша мердігер мекеме «Павлодар өзен порты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2018 жылы 14 қарашада №274 келісім шарт жасақталып, жалпы ұзындығы 126,869 км болатын түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 70715 метр (3074682 м3) жерді қазу жұмыстары аяқталды. Аталған жұмыстарды 2 жерснаряды (1-1400/25,1-«Watermaster»), 3 тиегіш (погрузчик), 1 бульдозер және 5 эксковатор атқаруда. Өзен түбінен шыққан топырақ бульдозермен түйіліп, қолданыстағы бөгетке апарып жабыстырылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта аудан бойынша қосымша түп тереңдетуді қажет ететін 243,55 шақырым жерге «Фирма Строй Тех» ЖШС арқылы жобалау-сметалық құжаттар жасақталуда. Тапсырыс беруші «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521