Аудандық спорт кешенінде "Харекет" қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен кіші аяқ добынан қайырымдылық турнирі өтті.
Оған ауданның әр елді мекендерінен жиналған 11 құрама команда (Үштаған 1, Үштаған 2, МонБан, Амангелді, РТС, Бәйтерек, Жұмекен, Хиуаз, Теңіз, Өрт сөндірушілер, Кресті) қатысты. Нәтижесінде Теңіз ауылдық құрамасы жеңімпаз атанды.
МонБан құрамасы 2-орын, Хиуаз құрамасы 3-орынға табан тіреді. Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Мұрабек Мұғалім жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдар, кубоктармен ұлығылады.
Амангелді командасы "Жеңіске деген жігері үшін" аталымымен, қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. "Үздік ойыншы" Теңіз құрамасының ойыншысы Мәдениет Әлішер, "Үздік қорғаушы" МонБан құрамасының ойыншысы Бектемиров Нұрбай, "Үздік қақпашы" Хиуаз құрамасының қақпашысы Рахымов Мырзабай атанды.
"Турнирдің өтуіне атсалысқан Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаевқа, Құрманғазы аудандық спорт және туризм бөлімінің басшысы Алмас Мұқашевқа және Бектемиров Нұрбайға, "Харекет" қайырымдылық қорының Атырау облысындағы еріктілеріне алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға Алла разы болсын! Жақсылықта жарысайық! Харекет берекелі де мерекелі болсын!" дейді қордың ауданымыздағы еріктісі Ризабек Сұлтанияев.
А.Шакупова