«Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы атқарылған жылдық есебі
Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
- Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі бойынша 1 өтініш электорнды түрінде қабылданып, қанағаттандырылды.
Қызметтерді алу процесін жеңілдету мақсатында, Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған, оның көмегімен әрбір азамат электрондық қызметті өз бетінше немесе ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерінің көмегімен ала алады.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сай, қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ, мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Заңнама талаптарының бұзылу фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту фактілері тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Округ әкімі аппаратының ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орнатылған. Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенд орнатылған.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік кызмет керсету стандарттарына сайкес «өзіне-өзі кызмет керсету бұрышы» арқылы жыл басынан бері 17 электронды кызмет бойынша барлығы 195 кызмет тұрғындарға көрсетілді.
2023 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан 13 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің 12-сі қанағаттандырылып, 1- өтінішке түсінік берілді.
М.Жігерұлы
Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы