Халықаралық Журналистер одағына қабылданды

(0 Votes)

Ұлан Иманғалиев ауданымызға жақсы танымал, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының мүшесі. Газетіміздің штаттан тыс тілшісі. Айтыс ақыны, ұстаз, қаламгер десек те болады.

Бұған қоса асабалық өнері де бар. Шақыра қалса оны да жақсы атқаратынын көрдік. Бүгінде С.Имашев атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. 100-ден аса мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газеттерде жарияланды. Төрт бірдей авторлық-әдістемелік және Н. Шолтыров туралы кітаптары жарық көріп, оқырманын тапты. «Бауыржан Момышұлы» медалінің, «Құрманғазы ауданына 90 жыл» төсбелгісінің иегері, ұстаздық еңбегі бағаланып «Мәртебелі педагог» атанды. Республикалық байқаудан «Үздік жас ақын» аталымын қанжығалады. Енді, міне, тағы да бағы жанып, Халықаралық журналистер одағына мүше болып отыр. Бұл одаққа көрінгенді қабылдай бермейді. Мұны Ұлан Өтешқалиұлының шығармашылығына берілген лайықты баға деп санаймыз. Жас қаламгер Қазақстан Жазушылар одағына да мүшелікке ұсынылған болатын. Алға қарай оған да қабылданады деген сенімдеміз. Қаламыңның қарымы қайтпай, бағың жанып, жұлдызың жарқырай берсін Ұлан!

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT